
28.06.2024ж. Ұлттық домбыра күніне орай әнші композитор,қазақтың халық ақындары К.Әзірбаевтың 140 жыл, Біржан сал Қожағұлұлының 190 жыл толуына орай«Дала дауысы – Кенен Әзірбаев, Біржан сал Қожағұлұлы» атты әдеби сазды кеш өтті.
Мақсаты : Ұлттық домбыра күні туралы ақпарат беріп, төл аспапты дәріптеу. Домбыра аспабымен танылған халық ақындары, әнші-композиторлар Кенен Әзірбаев, Біржан сал Қожағұлұлы сынды өнер тұлғаларымен таныстыру.
Толығырақ28.06.2024 в 10:00 Пікір жоқ 17 қаралды

21.06.2024ж. «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы 2024» атты байқауы өтті.
Мақсаты: Әр баланың бойындағы қасиеттерін,өнерлерін көрсету, тапқырлық , сахна мәдениетін қалыптастыру , дамыту. Айтулы іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы жазғы лагердің балалары қатысты.
Толығырақ21.06.2024 в 10:00 Пікір жоқ 17 қаралды

11.06.2024 ж. Қаламыздың№29–ші «Балдәурен» бөбек жайының бүлдіршіндерімен«Ертегілер сыр шертеді» атты тақырыбында кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын байланыстырып, сөйлеуге дағдыландыру. Балалардың танымдық белсенділігін арттыру.
Толығырақ11.06.2024 в 10:00 Пікір жоқ 10 қаралды

07.06.2024ж. «Туған өлке-тұнған шежіре» жобасы бойынша «Менің қаламның көрнекті орындары» аттыөлкетану сағаты болып өтті.
Мақсаты: Бұл іс-шараға Библиограф Ә.Шегебаева кітапхана оқырмандарына Сәтбаев қаласының тарихымен таныстырып өтті және қаламыздың негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімімен тікелей байланысты екенін айтып, балаларға Қ.И.Сәтбаевтың қысқаша өмірбаянынан мәлімет беріп, қаламыздың көрікті орындарымен бейне слайд арылы таныстырып өтті.
Толығырақ07.06.2024 в 10:00 Пікір жоқ 17 қаралды

04.06.2024ж. Кітапханада «Елрәміздері – Елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты саяси панарама болып өтті
Мақсаты :Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктердідамыту. Балалардың есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Балаларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызметуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Толығырақ04.06.2024 в 11:00 Пікір жоқ 15 қаралды

30.05.2024ж. 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай кітапханада «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін ояту. Балалардың төл мерекесі, 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күнін балаларға сезіндіру. Жазғы маусыммен таныстыру. Түрлі суреттерді бейнелеуді, түстерді таңдауды үйрету.Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Толығырақ30.05.2024 в 10:00 Пікір жоқ 13 қаралды

29.05.2024ж. Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының акт залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Үш бәйтерек» атты саяси сағат өтті.
Мақсаты : 1937-38 жылдары алапат қуғын сүргіннің құрбандары атанған үш бәйтерек – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин, Бейімбет Майлиннің өмірі мен еңбегі туралы жан-жақты ақпарат беріп, қуғын-сүргіннің халқымызға әкелген зардабы жөнінде ақпарат беру.
Толығырақ29.05.2024 в 10:00 Пікір жоқ 15 қаралды

28.05.2024 ж. Биыл Қазақстанның халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай«Ғасыр бұлбұлы-Бибігүл Төлегенова» атты тақырыбында бейнетаспа әлеуметтік желіге жүктелді.
Мақсаты: Қазақтың халық әншісі Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Толығырақ28.05.2024 в 10:00 Пікір жоқ 16 қаралды

22.05.24ж. «Тәртіпке бағын жасыңнан» тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата-аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.
Толығырақ22.05.2024 в 11:00 Пікір жоқ 15 қаралды

17.05.2024 ж. Балалар кітапханасында «Рухы биік рәміздер» атты тақырыбында ҚР рәміздеріне оқушылардың арасында сурет сайысы өткзілді.
Мақсаты: Елтаңба, Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туың, Елтаңбасың, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Толығырақ17.05.2024 в 11:00 Пікір жоқ 16 қаралды