
03.04.2024ж. Кітапханада балалар кітабының апталығы аясында, балалар жазушысы Е.Сейдахметтің шығармашылығына арналған «Бала жүрегіне жол тапқан» атты іс-шара өтті
Мақсаты: Балалар жазушысы туралы мектеп оқушыларына кеңінен ақпарат беру, оның шығармашылығымен таныстыру.
Толығырақ03.04.2024 в 11:00 Пікір жоқ 11 қаралды

02.04.2024ж.Кітапханада «Халықаралық балалар кітап күніне» орайбалалар кітабының апталығы аясында, «Кітаптың достарына арналған көңілді іс –шаралар күні»мерекелік бағдарлама болып өтті.
Мақсаты: Кітап оқуды кеңінен насихаттау, жастарды қосбасшылыққа тәрбиелеу, жаңа оқырмандарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханамен таныстыру, адамгершілік тәрбие мен рухани байлық, әлемді тану мен білімге жетелейтін орта-кітапханаға келуді қоғамның рухани дәстүріне айналдыру
Толығырақ02.04.2024 в 11:00 Пікір жоқ 11 қаралды

28.03.2024 ж. Жошы ханның 800 жылдығына орай «Жошы хан және оның ұлысы» атты тарихи кеш өтті.
Толығырақ28.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 14 қаралды

22.03.2024ж. Ұлыстың ұлы күні « Әз Наурыз – жыл басы» тақырыбында бейне таспа әзірленіп, әлеуметтік желіге жүктелді.
Мақсаты: Наурыз – жыл басы, ұлт мейрамы екендігін тарихы маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан -ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт- дәстүрін, тілін, дінің, әдет- ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Толығырақ22.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 16 қаралды

21.03.2024ж Ұлттық тағамдарға арналды
Наурыз қарсаңында «Ұмытыла бастаған ұлттың тағамдар» деген атаумен библиокафе шарасы өтті. Оған қаламыздағы №7 жалпы білім беретін мектептегі даярлық сыныптың «б» сыныбында оқитын кішкентай оқырмандарымыз қатысты.
Толығырақ21.03.2024 в 14:04 Пікір жоқ 12 қаралды

20.03.24 ж. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсы 20 - наурыз Зияткерлік күні «Ұмытыла бастаған 6 дәстүр»интелектуалды ойын болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды Отанын, өз елін, жерін, салт-сана, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдар туралы түсініктеме беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Толығырақ20.03.2024 в 11:00 Пікір жоқ 26 қаралды

19. 03.2024 ж. «Ұлыстың Ұлы қүні» Наурыз мейрамы қарсанында 19-наурыз «Шымырлық пен шеберлік күніне» оқушыларға қазақтың ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдарының көрсетілімі ұсынылды.
Мақсаты: Қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау. Оқушылардың ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту. Эстетикалық тәрбие беру. Ұлттық киімдер мен әшекейлер ( сәукеле, шапан, білезік, сырға т.б.) слайд арқылы көрсету.
Толығырақ19.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 23 қаралды

18.03.2024ж «Игілікті істер -адам үшін ең үлкен құндылық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қоғамда ,өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеументтік жағдайы төмен , аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету ,достық, бірлікті нығайту.
Толығырақ18.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 23 қаралды


16.03.2024ж. Шежіре күніне«Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар» атты сайыс болып өтті.
Мақсаты: Халықтың әдет-ғұрып,салт-дәстүрін бала бойына сіңіру. Жеті ұғымымен таныстыру. Жеті ата жайлы мағлұмат беру. Баланы адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу
Толығырақ16.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 27 қаралды