
15.03.2024ж.15-наурыз Жайлау күніне орай "Жасыл жайлау" атты викторина болып өтті.
Мақсаты: өскелең ұрпақтықоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу, құстарды қорғау, тұрғындар мен мектепоқушыларының экологиялық көзқарасы мен табиғат алдындағы жауапкершілігін қаплыптастыру, экологиялық мәдениетін арттыру, сонымен бірге табиғатты қорғау жұмысына араластыру болып табылады.
Толығырақ15.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 48 қаралды

07.03.2024ж. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Айналайын ақмамам» атты көп балалы аналармен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты : Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлау білуге , оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту , адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Толығырақ07.03.2024 в 12:00 Пікір жоқ 38 қаралды

01.03.2024ж. Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым!»атты бейнепрезентация жалпы білім беретін №7 мектебінде өткізілді.
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу. «Алғыс күні» ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру.
Толығырақ01.03.2024 в 14:00 Пікір жоқ 44 қаралды


23.02.24ж. «Туған өлке тұнған шежіре» жобасы бойынша «Өлке туралы жаңа кітаптар» атты презентация өтті.
Мақсаты: Жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау. Оқырмандардың туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту, жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.
Толығырақ23.02.2024 в 14:00 Пікір жоқ 38 қаралды

21.02.2024ж. Биылғы жылдың өзекті бастамаларының бірі – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Кітапханада «Латын әлібиіне көшудің тиімділігі» атты пікірталас болып өтті.
Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Толығырақ21.02.2024 в 15:00 Пікір жоқ 37 қаралды

15.02.2024ж. «Жас қыран» клубы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан ақиқаты» атты Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат өткізіліп «Ауғанстан ақиқаты» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагерлермен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеу.
Толығырақ15.02.2024 в 12:00 Пікір жоқ 34 қаралды

08.02.2024ж. №7 Жалпы білім беретін мектебінде актер, режисер Ш. Аймановтың 110 жылдығына орай «Қазақ өнерінің жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ08.02.2024 в 11:00 Пікір жоқ 45 қаралды

06.02.2024 ж. Рәміздерді құрметтеу – баршаға парыз
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Толығырақ06.02.2024 в 12:00 Пікір жоқ 44 қаралды

24.01.2024ж. «Руханият» клубы қазақтың батыры, қолбасшы Өтеген батырдың туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы дала батыры- Өтеген батыр» атты тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты: Өтеген батырдың өшпес ерліктерін жаңғырту. Бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі патриоттық, рухани адамгершілік сезімдерін ояту. Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Толығырақ24.01.2024 в 02:00 Пікір жоқ 64 қаралды