Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

5 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Қыс келді» интеллектуалды ойыны өтті.

Ойынға оқу залына келген биылғы жылдың алғашқы оқырмандары қатысты. Алғашқы оқырмандар қаламыздағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 6 «в» сыныбында оқиды. Білімге құмар бұл оқырмандарымыз қысқы каникулда уақытты тиімді әрі пайдалы


                                                                      


    5 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Қыс келді» интеллектуалды ойыны өтті.

    Ойынға оқу залына келген биылғы жылдың алғашқы оқырмандары қатысты. Алғашқы оқырмандар қаламыздағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 6 «в» сыныбында оқиды. Білімге құмар бұл оқырмандарымыз қысқы каникулда уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында кітапханаға келген.

    Қыс мезгілі туралы балалардың білімдерін кеңейтуді көздеген ойында оқырмандар жұмбақ жауабын іздеп, жаңылтпаш айтудан жарысты. Қыс мезгілін әдеби әрі көркем тілмен сипаттады. Оқу залындағы мерзімді баспасөз беттеріндегі қыс туралы мақалаларды оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Қыс мезгілі несімен есте қалатыны жөніндегі ойларын да ортаға салды. Оқырмандардың сөздік қорын  байытуды  көздеген іс-шара соңында оқу залының қызметкері А.Бектас  кітап, газет-журналдарды оқу сынды әдеттердің адам өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынына тоқталды. «Кітап оқыған адам-ой ойлай алатын адам» екенін атап өткен А.Бектас жаңа оқырмандарды кітапхананың белсенді оқырманы болуға щақырды.                      


Пікір жоқ
26 қаралды
Авторы: skainn
Қосылды: 05.01.2024 в 20:40

Choose Color