Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

10.01.2024ж. Ұлы суретшіге арналды

    Сурет салу сайысына қаламыздағы Өнер мектебінің бейнелеу өнері бойынша білім алып жатқан


Биыл  қазақ бейнелеу  өнерінің қара шаңырағын қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан  халқымыздың біртуар ұлы  Әбілхан Қастеевке 120 жыл толып отыр. Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қылқалам шебері» тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылды.

    Сурет салу сайысына қаламыздағы Өнер мектебінің бейнелеу өнері бойынша білім алып жатқан 9-10 жастағы өнерлі өрендері қатысты. Жас суретшілер сайысқа әзірлеп әкелген жұмыстарымен таныстырып, сурет салғанды не үшін ұнататыны жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар әсіресе, табиғат бейнесі, соның ішінде қыс айындағы кешкі мезгілді өте шебер орындаған. Олардың арасынан үздіктерді анықтау оңай болмады. Әр оқушының еңбектеніп салған суреттері өзінше ерекше, өзінше әдемі шыққан. Әитсе де, Аяулым Тұралы,  Әминә Жақсылық, Айжарқын Сейкенованың еңбектері үздік деп бағаланды. Оларға кітапхана ұжымы атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлық табысталды. Бұдан кейін оқу залының кітапханашысы А. Бектас сайысқа қатысушыларды халық суретшісінің өмірбаянымен таныстырып, оның атын әйгілі еткен туындыларын слайд арқылы көрсетті. Ұлы суретшіге арналған кітап көрмесін де таныстырып өтті.                            


Пікір жоқ
28 қаралды
Авторы: skainn
Қосылды: 10.01.2024 в 12:00

Choose Color