Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру кітапты сүюге , оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің 1 «А» сыныбының бүлдіршіндері мен сынып жетекшісі Қ.Мұхамеджан келді. Бүлдіршіндерге ең бірінші кітапханашы А.Бейсова кітап әлемінің табалдырығын аттаған -ақ құшақ жая қарсы алып абонемент, оқу залы бөлімінің кітаптары қалай орналасқан жайында түсіндіріп ,кітапхананы аралатты. Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы, ұлы тұлғалар жайында айтылып, журналдар мен ертегі кітаптардан үзінді оқып берілді. Бүлдіршіндер өздерінің сүйікті ертегілерін, өлең-шумақтарын жатқа айтып берді және кітапхананы біраз қызықтап қуанып қайтты.