Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

15.02.2024ж. «Жас қыран» клубы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан ақиқаты» атты Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат өткізіліп «Ауғанстан ақиқаты» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагерлермен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық  рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеу.


Шара барысында кітапханашы Б.Аимбетова балаларға Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жеріне кіру себептерін, соғыстың барысы туралы айтып берді. Келесі кезекте «Ауғанстан-біздің жадымыз» атты деректі фильм көрсетіліп, оқырмандарға Ауған соғысының 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылғанын білді.                                                          

           Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлері, жерлестеріміз келді, олар Бүркітбаев Ғазиз Қордабайұлы, Мырзатов Мұратбек Қалибекұлы, Таласбаев Қуанышбек Жамбекұлы, және Б.Момышұлы атындағы  №1 мектеп- гимназиясының 6 «В» оқушылары мен сынып жетекшісі М. Қуанышқызы қатысты. Ауған соғысының ардагелері ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктерімен бөлісіп, өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол Ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, көрсеткен еліктері туралы айтып берді. Ерліктің даңқын көрсете білген соғыс ардагерлеріне оқушылар тарапынан тақырыпқа  байланысты сұрақтар қойылып, өз пікірлерімен бөлісті. Шара соңында кітап көрмесі қойылып, әдебиеттерге шолу жасалынды және ардагер-жауынгерлерімізге алғыс білдіріп, сый-сияпат табысталды, естелікке суретке түсті.
                               


Пікір жоқ
34 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 15.02.2024 в 12:00

Choose Color