Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Осы ұйымдастырылған пікірталаста «Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?»,
«Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?» осы сұрақтар төңірегінде оқырмандар өз ой – пікірлерін айтты. Сонымен қоса кітапханашы кітап көрмедегі кітаптармен таныстырды: «Учебный латинско-русский словарь», Жүнісбек Ә. «Төл әліби-төл жазу мәселелері», Рысбаева Г.Ж. «Казахский язык» грамматический справочник, Е.Балапанов «Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша-орысша сөздігі».