Мақсаты: Жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау. Оқырмандардың туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту, жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.
Библиограф Ә.Шегебаева № 7 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушыларына арнап кітапханамыздағы өлкетану бөліміне жаңадан келіп түскен кітаптарды насихаттау мақсатында презентация өткізді. Презентацияда журналист, публицист, жазушы, өлкетанушы, ұлағатты ұстаз Тоғанбай Құлманұлының шығармаларына тоқталды. Т. Құлманұлы «Темір желіге байланған тағдыр...» атты кітабында Кертағаның, яғни Кішітаудағы Қумола өзенінің тарихымен таныстырады. Осы мекенді жайлаған Кетбұға абыз жайлы аңыз бен тарихи деректерді оқушыларға түсіндіріп айтты. Кетбұқа абызға қатысты тарихи оқиғаларды, аңыз әңгімелерді оқығысы келетін оқырманға «Тас-белгі түйген сырлардың жаңғырығы» атты шығарманы оқуға ұсынды. Кездесуде оқушылардың назарына «С.Сейфуллин мұражайының кітапханасы» сериясымен шыққан «Сым пернені басып қара, ...жырласын !» атты кітабы да оқырмандар назарына ұсынылды. Сондай – ақ, оқушыларға Сәтбаев қаласының белгілі ақыны, М.Тілеуовтың «Ұлытау» сериясы аясында «Тауларға таулар тамсанар» атты жыр жинағымен таныстыры. Жинақта ақынның поэзиялық туындылары топтастырылған. Ақынның өлеңдерінен оның ұшқыр ойын, патриоттық сезімін, туған елге, жерге, табиғатына деген сүйіспеншілігін байқауға болады. Кітапхана библиографы Ә.Шегебаева шара соңында оқушыларға М.Тілеуовтың «Тауларға таулар тамсанар» кітабындағы «Қаныштың үш арманы» атты өлеңінен үзінді оқып берді.