Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

29.02.2024ж. Кітапханада жазушы мұрасы талқыланды


Үстіміздегі жылдың 29 ақпан күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында  кітапханашы А.Мұсылманбекқызының  ұйымдастыруымен «Жүсіпбек Аймауытов мұрасы»  атты шара өтті. Шара барысында  Жүсіпбек Аймауытовқа арналған кітап көрмесі  таныстырылып,  оның «Ақбілек» романы талқыланды.

      Іс-шараға Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының  және Ы.Алтынсарин атындағы №19 мектеп-лицейдің оқушылары жиналды. Іс-шараны алғысөзбен ашқан  кітапханашы А.Мұсылманбекқызы  Алаштың  ардағы болған Жүсіпбектің өміріне қысқаша шолу жасап, кітап көрмесімен таныстырып өтті. Бұдан кейін осы іс-шараның модераторы болған №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстазы Бағлан Оразалы жазушыңың шоқтығы биік шығармасы «Ақбілек» романын жан-жақты талқылады. Романның  қысқаша мазмұнына тоқталып, оның идеясы мен қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығын оқушыларға әңгімелеп берді. Шара барысында оқушылар Жүсіпбектің «Ұлтты сүю» мақаласынан үзінді оқып, өзара талқыға салды. Мақалада айтылған ой, көтерілген мәселеге өз көзқарастарын білдірді. 
            



Пікір жоқ
41 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 29.02.2024 в 12:00

Choose Color