Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

01.03.2024ж. Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым!»атты бейнепрезентация жалпы білім беретін №7 мектебінде өткізілді.

Мақсаты:балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу. «Алғыс күні» ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру.


  Шараға жалпы білім беретін №7 мектебінің 6 «Б» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі М. Талғатқызы атсалысты. Шара барысында Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б. Аимбетова қатысушыларды көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күнімен құттықтап, бүл күн –өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам екенін айтып өтті. Одан кейін оқушыларға Алғыс айту күніне бейне  роликтері көрсетілді «1-Наурыз алғыс айту күні», «Алғыс айтамыз!», «Алғыс айту күніне өлең». Әр қарай кітапханашы дайындап берген Алғыс күніне арналған тақпақтардыоқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына, табиғатқа, күннің шуағына, байтақ жерімізге, тіршілік көзі суға, Отанға арнап жатқа оқыды. Соңында кітапханашы оқушыларға қағаздан жүрекше таратып, оқушылар өздерінің жақын адамдарына тілектерін білдірді.

                    

                                                                    


Пікір жоқ
59 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 01.03.2024 в 14:00

Choose Color