Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

07.03.2024ж. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Айналайын ақмамам» атты көп балалы аналармен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты :  Анаға  деген сүйіспеншілік сезімдерін  арттыру, ананы құрметтеу, сыйлау білуге , оқушылар  бойындағы жеке қабілеттері  мен  таланттарын  дамыту , адамгершілікке,  ізгілікке,  достықты  қастерлей  білуге  тәрбиелеу.


Аталған іс-шараға Сәтбаев қаласының тұрғыны көп балалы ана  Абишева Айгул Қайратқызы мен Толқымбекова Бибігул  Ералиевна қатысты. Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектеп- гимназиясының  5 «А»сыныбының  оқушылары мен  сынып жетекшісі Ардақ Жұманқызы  шақырылды.Балалар өздерінің  аналары  мен әжелері туралы айтып,өздерінің ашық хаттарын қалай  безіндіргісі  келетіндерін  талқылады.  Жас оқырмандар бұл мерекенің біздің елге қайдан келгенін және оның неге Халықаралық әйелдер күні деп аталатынын білді. Оқушылар аналарға арнап  өздерінің  ән шумақтарын айтып,көкейлерінде  жүрген  сұрақтарын қойып нақты жауаптарын алды. Аналар жасөспірімдерге бала тәрбиесі жайында айтып өтті .  Аналарға арналған  видеоролик көрсетілді. Кітап көрмесі  таныстырылды атап айтсақ «Қыз -өмірдің қызғалдағы  », «Қазақ тарихындағы әйелдер », «Ұрпағына ұран болған аналар » атты кітаптар көрмесі ұсынылды.Шара соңында оқушылар біраз мағұлматтар алды.
                       


Пікір жоқ
38 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 07.03.2024 в 12:00

Choose Color