Кітапханамызда дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке Ы. Алтынсарин атындағы №19 мектеп-лицейдің, №3, 7 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Оқырмандарға батырлықты, отаншылдықты, өміршеңдікті жырлауға бағытталған Махамбеттің мол шығармашылық мұрасын насихаттау-әдеби кештің негізгі мақсаты болды. Кітапхана қызметкері А.Бектас оқушыларды М.Өтемісұлының қысқаша өмірбаянымен таныстырды. Шара барысында қатысушылар Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдап, оның шығу тарихымен танысты. №27 жалпы білім беретін мектептің 5 «в» сынып оқушылары Жалғас Қарасқанов ақынның «Қызғыш құс», Хамза Алтынбек «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдерін оқыды. Тарихи тұлғаның өмірі мен өнері туралы оқушылар да, оның ұстаздары да өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Шара соңында ақын туралы кітап қорындағы әдебиеттер таныстырылды.