Мақсаты:Қоғамда ,өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеументтік жағдайы төмен , аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету ,достық, бірлікті нығайту.
Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Наурыз-жаңа күнің бастауы.Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың ,ізгіліктің оянатыншағы. Наурызды тойлау апталығында аз қамтылған отбасыларды қолдауға ,әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға кітапхананың ұйымдастырумен қайырылымдық акциясы өтті. Акция аясында 1 топ мүгедегі Рахымжанова Әйгерім азық- түлікпен қамтамасыз етілді. Қайырымдылық жасап жатқан жандарға өз тарапынан алғысын білдірді.