Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

20.03.24 ж. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсы 20 - наурыз Зияткерлік күні «Ұмытыла бастаған 6 дәстүр»интелектуалды ойын болып өтті.

Мақсаты:Оқушыларды Отанын, өз елін, жерін, салт-сана, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдар туралы түсініктеме беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.


     Іс-шараға №3 мектептің 8 «Б» сынып оқушылары қатысты.    Кітапханашы оқушыларға Ұмытыла бастаған салт -  дәстүрлер жайлы түсіндірді. Әрбір бала өз салт – дәстүрін әдеп - ғұрпын, тегін білу керектігін айтып өтті.Бұл күні жұртшылық мал сойып, шелпек пісіреді, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағышталатынына тоқталды. Сонымен қоса Наурызда айтылатын бата «уыз» бата екенін айтып өтті. Одан кейін кітапханашы оқушыларға «Салт – дәстүр Көнермейтін құндылық» атты бейне-баян көрсетіліп, Наурыз мейрамына арналған сұрақтар қойылды. Оқушылар берілген сұрақтарға белсене араласып, жақсы жауап берді. Шара сонында оқушыларға Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдар туралы кітаптармен таныстырып өтті.

 

 


Пікір жоқ
50 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 20.03.2024 в 11:00

Choose Color