Наурыз қарсаңында «Ұмытыла бастаған ұлттың тағамдар» деген атаумен библиокафе шарасы өтті. Оған қаламыздағы №7 жалпы білім беретін мектептегі даярлық сыныптың «б» сыныбында оқитын кішкентай оқырмандарымыз қатысты.
Кітапхана қызметкері А.Бектас кішкентай оқырмандарға ұлттық тағамдар туралы түсінік берді. Ет және сүт тағамдарынан жасалатын ұлттық тағамдарға тоқталған ол, бәріміз жақсы көретін, әсіресе балалар қатты ұнататын балқаймақ туралы кеңінен тоқталды. Құмшекер қосылып әзірленетін бұл тағамды балалардың көбісі білмейтін болып шықты. А.Мұсылманбекқызы балқаймақтың жасалу жолын балаларға түсіндірді. Оқушыларға бұл тағамның ұлттық дастарханымыздың ішіндегі маңызы түсіндіріліп, ең дәмдісі әрі дастарханның сәні екені түсіндірілді. Шара барысында оқушылар ұлттық тағамдар туралы жазылған түрлі – түсті суреті бар оқулықтарды тамашалап, астықтан жасалатын майсөк, қуырылған бидай сынды ұмытыла бастаған тағамдар туралы да білді.