Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

28.03.2024 ж. Жошы ханның 800 жылдығына орай «Жошы хан және оның ұлысы» атты тарихи кеш өтті.


Мақсаты: Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысы туралы оқушыларға мәлімет беріп, олардың білім көкжиегін кеңейту. Айтулы іс шараға, №3 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы А.Мұсылманбекқызы Жошы хан және ол құрған ұлыс-Алтын Орда жөнінде мағлұмат берді. «Ұлтын ұлы мұраттарға жетелеген тұлға» атты кітап көрмесімен оқушыларды таныстырды. Оқушылар сондай-ақ, қазақ кино өнерінің «Алтын қорына» енген Жошының өлімі туралы түсірілген «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалады. Іс-шара соңында оқушылар кітап көрмесіндегі әдебиеттермен танысып, Жошы хан туралы  білгендерімен  бөлісті.      


Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 28.03.2024 в 12:00

Choose Color