Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

02.04.2024ж.Кітапханада «Халықаралық балалар кітап күніне» орайбалалар кітабының апталығы аясында, «Кітаптың достарына арналған көңілді іс –шаралар күні»мерекелік бағдарлама болып өтті.

Мақсаты: Кітап оқуды кеңінен насихаттау, жастарды қосбасшылыққа тәрбиелеу, жаңа оқырмандарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханамен таныстыру, адамгершілік тәрбие мен рухани байлық, әлемді тану мен білімге жетелейтін орта-кітапханаға келуді қоғамның рухани дәстүріне   айналдыру


Жыл сайын оқушылардың көктемгі демалыс күндерінде  «Балалар мен жасөспірімдер» кітапханасында дәстүрлі балалар кітабы апталығысәуірдің 2 мен 5аралығында балалар кітабының апталығы өтілді.

3.4.24ж. балалар жазушысы Е.Сейдахмет 40жас «Бала жүрегіне жол тапқан» атты кездесу кеші.

4.4.24ж. жазушы Оспанхан Әубәкіров 90жыл «Бір дорба ән» кітабына талдау.

5.4.24ж. Орыс  балалар жазушысыВ. Бианки 130 жыл «Лесной сказочник Бианки» бейнебаян көрсетіліп, сол жайында мәлімет беріп өтіледі.

     Мерекелік шараға қаламыздың С.Сейфулин гимназиясының 4 сынып оқушылары қатысты. «Кітаптың достарына арналған көңілді іс –шаралар күні»тақырыбындағымерекелік бағдарлама дакітапханашы Б.Толкимбекова балаларға Халықаралық балалар кітап күні 2 сәуір 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай өткізілетіні жайында атап өтіп, көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар,көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізілетінін  айтып өтті.   Сонымен қоса,«Кітап - балалардың ең жақсы досы» тақырыбындағы виртуалды кітап көрмесімен таныстырып өтті. Мерекелік шараға балалар белсене қатысып, өздері білетін кітапқа арналған өлең шумақтарымен мақал-мателдерді айтумен жалғасты. 

 

 


Пікір жоқ
11 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 02.04.2024 в 11:00

Choose Color