Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

03.04.2024ж. Кітапханада балалар кітабының апталығы аясында, балалар жазушысы Е.Сейдахметтің шығармашылығына арналған «Бала жүрегіне жол тапқан» атты іс-шара өтті

      Мақсаты: Балалар жазушысы туралы мектеп оқушыларына кеңінен ақпарат беру, оның шығармашылығымен таныстыру.


      Кітапханамызда жыл сайын 2 – сәуір -  балаларға арналған кітап күні аясында дәстүрлі балалар кітабының апталығы өтіп тұрады. Апталық аясында биыл балалар жазушысы Е.Сейдахметтің шығармашылығына арналған «Бала жүрегіне жол тапқан» атты іс-шара өтті.

      Мерекелік шараға қаламыздың Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының 4 «а» сынып оқушылары қатысты. «Бала жүрегіне жол тапқан»тақырыбындағы іс-шарада кітапханашы А. Мұсылманбекқызыжазушының қысқаша өмірбаянымен таныстырып өтті. Сондай –ақ  кітапхана қорындағы Е. Сейдахметтің «Тентек доп», «Жалқау құмырсқа»атты кітаптарымен таныстырды. Ақынның балалар журналы «Балдырған» журналында әр жылдары жарыққа шыққан өлендерімен де таныстырып өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін кезектесіп оқып, оның шығарған жұмбақтарын жарыса шешті. Осы мектептің 4 «б» сынып оқушылары Ұлар Жанкелді, Нұрасыл Балғаберген ақынның «Торғай», «Атамның наурыз батасы»  атты өлеңдерін жатқа оқыды


Пікір жоқ
11 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 03.04.2024 в 11:00

Choose Color