Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

04.04.2024 ж. Балалар жазушысы Оспанхан Әубәкіровтың 90 жылдығына орай «Бір дорба ән» кітабына талдау өткізілді.

Мақсаты:  Оспанхан Әубәкіровтың  «Бір дорба ән» атты әңгімесімен  таныстырып, мәнерлеп оқып оны талдай отырып ісіне баға бере  білуге  баулу.


       Айтулы іс-шараға  жалпы орта білім беретін №16 мектебінің 5 «В» сыныбының оқушылары мен ұстазы  Ж. Жұмабайқызы қатысты. Кітапханашы  оқушыларды  абонемент пен оқу залы мен таныстырып, әзіл -сықақ  сатиригінің  майталманы   Оспанхан Әубәкіровтың өмірбаяны мен  шығармашылығымен  таныстырып өтті . Оқушылар «Бір дорба ән»  әңгімесіне  ортаға шығып  өздері  талдау  жасап,  сатириктің  әңгімелерін өте қызықты қуана- қуана  өздері бір бірлеріне оқып әңгімелеп берді.  Балалар жұмбақтар, мақал-мәтелдер,жаңылпаштар  шешті. Кітап апталығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып өтті. Оқушыларға өте қызықты болды . Іс-шара соңында оқушылар қуанып өз білген қызықты әңгімелерін   айтты.


Пікір жоқ
10 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 04.04.2024 в 11:00

Choose Color