Мақсаты: В.В.Бианки шығармашылығы, туған жерінің табиғаты туралы білімдерін бекіту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Үздік шығармалар бойынша балалардың оқу үйірмесін құру. Балалардың ой-өрісін кеңейту. Сөйлеу дағдыларын дамыту.
Бұл шараға № 25 жалпы білім беретін мектептің 4 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Григорьевнамен бірге шақырылды. Шара басында балалар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, кейін оның әңгімелерін білді. «Ұшады, ұшпайды», «Бұл менмін, бұл менмін, бұл менің достарым» ойындарын ойнадық. Балалар құстар мен жануарлар туралы жұмбақтарды тауып, «Бұл үйде кім тұрады?» викторинасына қатысты. Шара соңында қатысушылар «Кімнің мұрыны жақсы» және «Апельсин мойын» мультфильмдерін тамашалады.