Мақсаты: Алғашқы академик, көрнекті ғалым,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.
Кітапханашы: Б.Толкимбекова қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик, елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалым –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген, дүниежүзіне танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған тау тұлға екенін оқушыларға айтып өтті.
Шара барысында конференцияға Сәтбаев Индустриалдық колледның оқытушысы С.К.Макажанова «Сөнбес жұлдыз» тақырыбында баяндама дайындады. Одан кейін сөз кезегін студенттер Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметтік жолы, ұлы ғалымның ғылым жолындағы қайраткерлік қырлары, оның қазақ ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесі туралы Сәтбаев Индустриалдық колледжінің 1курс студенті Сағат Ернар оқыды. Қ.И. Сәтбаевтың өмірі менқызметтік жолын оқыса, Еркимбекова Саягүл, Бахит Құнанбай Қ.И. Сәтбаев Академик, геолог ұлы ғалымның ғылым жолындағы қайраткерлік қырлары, оның қазақ ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесі туралы баяндама баяндады. Сондай-ақ «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. №27 Жалпы білім беретін орта мектебінің аға ұстазы. «Сәтбаев тану» мұражайының ұйымдастырушысы және жетекшісі Жунусова Күлпаш Сарсенбековна «Академик Қ.И. Сәтбаевтыңмұражайы туралы айтып өтті.
Жалпы білім беретін №3 мектептің 4 «Ә»сыныпбының оқушылары Ғабдрахман Жанайым, Нұрбала Жанерке Мұса Тілеуовтың «Қаныш қала» жатқа өлеңін оқып, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп -лицейінің 10 сынып оқушысы Г. ӘбдиеваҚ.И. Сәтбаевқа арналған слайд көрсетілді.
Сонымен қоса «Қаныш жүріп өткен жолмен» тақырыбындағы кітап көрмесін библиограф: Ә.Шегебаеваоқырмандар назарына таныстырып өтті. Атап айтсақ: Қ.И.Сәтбаев туралы жазылған естеліктер М.Сәрсекеевтың «Қазақтың Қанышы», А.Брагинның «Первый академик», Қ.Исабай «Қаныш аға» т.б. көптеген кітаптары насихаттады.