Мақсат: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармалары туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершікке тәрбиелеу.
Кітапханашы Б. Аимбетова оқушыларға "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін, және өмір жолы мен шығармашылығынан қышқаша әңгімелеп берді. Сонымен қатар, қатысушыларға видео-роликтер көрсетілді: «Қалқы сүйген қаламгер» (Соқпақбаев), «Бір ел-бір кітап Б. Соқпақбаев», «Бір ел –бір кітап» Республикалықакция. Соңында кітапханашы Б. Соқпақбаевтың шығармаларымен таныстырып өтті, атап айтсақ: Б. Соқпақбаев туралы естеліктер. Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат», Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді», Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа», Б. Соқпақбаев. Шығармалары 1 том, хиқаяттары мен әңімелері. Б. Соқпақбаев. Шығармалары 2 том, Повестер, әңгімелер. Б. Соқпақбаев. Шығармалары 3 том, «Менің атым Қожа», «Жекпе - жек» Кітапханашы осы аталған кітаптарға оқушыларды оқуға шақырды.