Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

30.04.24ж. 1- мамыр Қазақстан халықарының бірлігі күні мерекесіне орай «Татулық- бірлік бесігі» атты тақырыбында ақпарат сағат өткізіліп,«Ел бірлігі- ең асыл қасиет»кітап көрмесіұйымдастырылды.

Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.


  Шараға Б. Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының 6 «В» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Б. Аимбетова қатысушыларды 1- мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтап өтті.  Шара барысында Ынтымақ, бірлік, достық туралы мақал-мәтелінің басы айтылып оқушылар жалғасын тапты. Осы мерекеге арналған «Ел бірлігі-ең асыл қасиет» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, көрмеге  көп ұлтты Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, дүние жүзіне үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұлтаралық татулық пен тұрақтылық туралы «Сарыарқа достық мекені», «Қазақстан және әлем елдері», «Астана елдің ажары» т.б.әдебиеттер қойылды.Одан кейін оқушыларға слайд Ассамблея мен «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі» және «1 мамыр Бірлік күні» бейнероликтер ұсынылды. Соңында окушыларға кітапханашы кітап көрмесімен таныстырды.


Пікір жоқ
10 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 30.04.2024 в 10:00

Choose Color