Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

17.05.2024 ж. Балалар кітапханасында «Рухы биік рәміздер» атты тақырыбында ҚР рәміздеріне оқушылардың арасында сурет сайысы өткзілді.

Мақсаты: Елтаңба, Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туың, Елтаңбасың, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.


     Аталған шараға Б. Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының  5 «Ә» сынып  оқушылары шақырылдыШара барысында кітапханашы                         Б. Аимбетова «Бұл рәміздер – біздің Мемлектіміздің өткені мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі және халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» екенін айтып өтті. ҚР рәміздеріне арналған «Рәміздер-ел қадірі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Мемлекеттік рәміздерге байланысты көрмеге кітаптар қойылды: Азбанбаев М. А. «Менің Қазақстаным- Жұмекен», Трофимова С. В. «Біздің Отанымыз-Қазақстан!», Балаларға арналған энциклопедия «Менің Отаным-Қазақстан», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы. Одан кейін оқушыларға теле - дидардан «Біздің рәміздер», «Мемлекеттік рәміздер» бейне-роликтері көрсетілді. Кітапханашы оқушыларға рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойып, балалар сұраққа нақты жауап беріп өздерінің білімді екенін көрсете білді. Сосын, оқушылардың арасында сурет сайысымыз басталды, жақсы салынған  суреттеріне баға берілді:

    3-шы орын5 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Ернарға бұйырса, ал

    2-шы орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Мейрамғали Нұрбек иеленді.

    1-ші орын 5 «Ә» сынып оқушысы Дүйсенбек Жанайым жеңіп алды. Осы аты аталған оқушыларға мақтау қағазы мен сыйлықтар тапсырылды.

Соңында кітапханашы «Рәміздер – ел қадірі» атты кітап көрмесімен  таныстырды.


Пікір жоқ
17 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 17.05.2024 в 11:00

Choose Color