Мақсаты:Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата-аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.
Осы іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің 9 «Ә» сыныбының оқушылары мен ұстазы қатысты.Іс-шараға кәмелетке толмағандар істер жөніндегі инспектор М.Зәкірбайұлы келіп қатысты.Оқушыларға тәртіпке бағыну туралы мәлімет беріп өтті.Жасөспірімдерге тәртіпті және адал болуларына,кешкі уақытта көшеде жүрмеуге , мектептегі тәрбиеге қатты көңіл беруге кеңес берді. Оқушыларға сабақ оқуға ,құқық бұзушылық істемеу керектігін айтып өтті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.