Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

29.05.2024ж. Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының акт залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Үш бәйтерек» атты саяси сағат өтті.

     Мақсаты: 1937-38 жылдары алапат қуғын сүргіннің құрбандары атанған үш бәйтерек – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин, Бейімбет Майлиннің өмірі мен еңбегі туралы  жан-жақты ақпарат беріп, қуғын-сүргіннің халқымызға әкелген зардабы жөнінде ақпарат беру.


Оқу залы бөлімінің кітапханашысы А.Бектас мектеп-гимназияның 7 «г» сынып оқушыларына үш бәйтерек атанған – Сәкен, Ілияс, Бейімбет жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ қуғын-сүргін құрбандарының  абақтыда көрген   жантүршігерлік азаптары мен олардың шығармашылығы жайында сөз қозғады. Мектеп оқушылары  үш тұлғаның шығармаларын мәнерлеп, дауыстап оқып, шындық пен әділдікті ту еткен тұлғалардан үлгі алды. Өз тарапынан оқушылар да осы үш тұлға туралы білетін  ойларын ортаға салып, осы уақытқа дейін оқыған шығармаларымен бөлісті.


Пікір жоқ
16 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 29.05.2024 в 10:00

Choose Color