Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

30.05.2024ж. 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай кітапханада «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін ояту. Балалардың төл мерекесі, 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күнін балаларға сезіндіру. Жазғы маусыммен таныстыру. Түрлі суреттерді бейнелеуді, түстерді таңдауды үйрету.Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Мерекелік шараны кітапхана қызметкері Б.Е.Толкимбекованың ұйымдастыруымен кітапхананың алдында, даладағы алаңында өтілді. Мереке «Бақытты балалық шағымыз» атты ән – шашумен басталды. Балаларға арналған көңілді әуен ойнап тұрды,  шарлармен, флажоктармен безендірілді.

«Балаларға базарлық» кітап көрмесі ұйымдастырылып, сөреге ертегі кітаптар, балаларға арналған энциклопедиялар, классикалық хикаяттар т.б. қойылды. Кітапханашы балаларды бүгінгі балаларды  қорғау күні мерекесімен құттықтады. Аталған іс – шараға қаламыздың Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп–гимназиясының 3-4 сынып оқушылары қатысты. Осы тамаша күні балалар мерекеге арнайы өздерінің дайындап әкелген тақпақтарын айтып, Б.Момышұлы атындағы №1 мектептің 7сынып оқушылар Б.Жұмағұл мен Д. Олжабай Құрманғазының «Көрғұл» күйін домбырамен орындап, және №3 мектептің 4 сынып оқушысы И.Байгаримов «Ұстазым» әнін айтып  берді. Кітапханашы балалармен, қызықты, көңілді бірнеше ойындар жүргізді, атап айтсам: «Әуенді тап!», танымал мультфильмдегі әуендер қойылып, балалар дұрыс жауабын тапты. «Допты себедке салу», «кітап атын жасыру», Тәттіні тасымалдау»асфальтқа бормен сүрет салумен аяқтады. Мерекелік ертеңгілікке келген балалар белсене ойындарға қатысты барлық балаларға тәтті кәмпитпен печенье таратылды. Іс – шара соңында мерекеге орай балаларға сый сыйапат тарту ете отырып, ата –аналарға ақ тілектер айтылды.


Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 30.05.2024 в 10:00

Choose Color