Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

04.06.2024ж. Кітапханада «Елрәміздері – Елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты саяси панарама болып өтті

Мақсаты:Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.  Рәміздердің пайда болуы   және тарихтағы маңызы жайлы түсініктердідамыту. Балалардың  есте    сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.  Балаларды  Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал       қызметуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.


Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б.Толкимбекова келген оқушыларға ҚР Мемлекетінің рәміздері ҚР Елтаңбасы Ту, Әнұранның  авторыларымен рәміздердің шығу тарихына тоқталып, бейне сюжет, слайд көрсетіп түсіндіріп өтті. Бейне сюжетте балаларға «Мемлекеттік рәміздер туралы танымдылық сюжет»көрсетіліп,сол жайында тоқталып өтті. Сонымен қоса балаларға «Тәуелсіз Қазақстанның ең басты синволдары» тақырыбында кітап көрмемен таныстырды. Іс – шараға Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп гимназиясынының 4  сынып оқушылары қатысып, өз білгендерімен бөлісті.Іс – шарада сондай –ақ Елтаңба, Байрақ, Әнұран рәміздерге сөз құрау ойынына  белсене қатысып, білімдерін көрсетті.

Нәтижесінде балалар Рәміздердің авторларымен танысып, кітап көрмеден өздеріне керек кітаптарды үйге  жаздырып алды.



Пікір жоқ
16 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 04.06.2024 в 11:00

Choose Color