Мақсаты:Ұлттық домбыра күні туралы ақпарат беріп, төл аспапты дәріптеу. Домбыра аспабымен танылған халық ақындары, әнші-композиторлар Кенен Әзірбаев, Біржан сал Қожағұлұлы сынды өнер тұлғаларымен таныстыру.
Кітапхана қызметкері А. Мұсылманбекқызы Сәтбаев қаласы бойынша «Жасыл ел» жасақтарының қатарында еңбек етіп жатқан жасөспірімдерге арнап көшпелі іс-шара өткізді. «Қазағымның қазынасы – домбыра аспабы» атты кітап көрмесімен таныстырып, ұлттық аспапты насихаттады. Халқымыздың танымал әнші-композиторлары, халық ақындары Кенен Әзірбаев, Біржан сал Қожағұлұлы туралы ақпарат беріп өтті. Олардың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ең негізгілері туралы ақпарат беріп өтті. Іс-щара барысында оқушылар домбыра туралы өздері білетін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтып жарысып, Кененнің «Көкшолақ» әнін, Біржан салдың «Біржан сал» киносын талдады.