Мақсаты: Талантты балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап,өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Дарынды балаларды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберліктерін,қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.
Байқауға №25 ЖББМ-нің жазғы лагерьдің балалары өздерінің салған суреттерін алып келді. Кітапханашы А. Бейсова бас қаламыз Астана жайлы мәлімет беріп өтті.Балалар әсем қаламыз астана жайлы біраз әңгімелеп берді. Балалар қызықты ойындар ойнады,сұрақтарға белсене жауап беріп отырды. Сурет байқауының нәтижесінде 1 орын оқушы Алешкина Эвелина, 2 орын Сулкеева Медина, СосновскийМаксим және 3орынНикифорова Дана, Чащин Амир иеленді. Балаларымызды кітапхана әдіскері М.Ш.Үрпіш алғыс хат пен сыйлықтар мен марапатады.