Мақсаты:Сайыстын басты мақсаты оқушыларды кітапханаға тарту, оқушылардың ой өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеуді жетілдіру, ақпарат алмасып, қабілетін дамыту.Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Зияткерлік сайысқа №3жалпы білім беретін мектептің, күндізгі тынығу лагерлерінде демалушы балалар қатысты. Балалар «Алғырлар» мен «Тапқырлар» болып екі топқа бөлініп сайысты. Зияткерлік сайыс «Сұрақ бізден – жауап сізден», «Қанатты сөз қазына», «Айшықты сөздер», «Суреттер сөйлейді», «Мақал- мәтел сайысы» «Поэзия минуты»,«Құпия сандық» кезендерінен тұрды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, білгендерін ортаға салды.Шара соңында балаларға сыйлықтармен мадақтама қағазымен марапаталды.Сонымен қоса кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, жаңа әдебиеттер мен танысты.