Ертеңгілікке ерекше балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тәрбиеленушілері қатысты.
Ертеңгілікке қатысқан ерекше балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Оқу залының кітапханашысы А.Бектас түрлі-түсті безендірілген балаларға арналған кітаптарды таныстырып өтті. Балалар өздерін қызықтырған кітаптармен ғана танысып қоймай, өз қиялындағы әлемді қағаз бетіне түсірді. Түрлі түсті қарындаштармен сурет салып, жапсырмамен жұмыс істеді. Ерекше балаларға әлеуметтік қызметкерлер көмек қолын созып, олардың шығармашылығын бірлесіп жүзеге асырды. Тақпақ оқып, пазл құрастырған балалар уақытты қызықты өткізді. Шара соңында кітапхана атынан балаларға бояу дәптерлері естелікке үлестіріліп берілді.