Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

09.08.2024ж. Ұлы ақын, ойшыл, қазақ халқының рухани қөзі, Абай Құнанбайұлының 179 жылдық туған күніне орай «Абай – қазақ болмысының айнасы» аттытақырыбында бейнепрезентация өткізілді.

      Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.


      Іс шараға 5 және 7 сынып оқитын Абай Құнанбаев атындағы №4-ші мектеп-лицейінің оқушылары болды. Кітапханашы балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып өтті. Одан кейін  оқушылардың назарына «Абай Құнанбаев өмірбаяны», «Абай Құнанбаев - ұлы ойшыл» бейне-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, ақын туралы викториналық сұрақтар қойылып, балалар белсене жауап берді. Қатысушылар  Абайдың өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Атап айтсақ: Абай Құнанбаев атындағы №4 мектеп – лицейінің  оқушылары: Қоңыр Алуа 5 «Ә» сынып «Ғылым таппай мақтаңба», Мизанбай Айзере 5 «Ә» сынып «Бірінші қара сөз», Мұхтарбек Айзере 7 «А» сынып «Қалың елім қазағым», Абдулла Нұрсауле 7 «А» сынып, «Қүз».

 Абай күніне орай «Ұлы ақын – Абай» аттыкітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның жазған өлеңдері мен шығармалары жайлы кітаптар мен журналдар қойылды.


Пікір жоқ
15 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 09.08.2024 в 10:00

Choose Color