Сәтбаев – кеншілер қаласы деп бекерден бекер айтылмайды. Өңіріміз кен орнымен аты шыққандықтан, бұл қалада тұратын әр отбасында кенші болып қызмет ететін еңбек адамы бар. Өте қауіпті мамандық саналатын кенші мамандығы жеңіл кәсіп емес. Осы кәсіптің суығына тоңып, ыстығына көніп жүрген кеншілердің еңбекке толы өмірі жергілікті басылым беттерінде мақала болып жарық көрсе, әдеби кітаптарда жыр болып өрілген. Кітапхана қызметкері А.Бектас жас оқырмандарға кеншілер туралы, олардың қиын кәсібі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ оқырмандар Кеншілер қаласынан сыр шертетін әдебиеттермен де танысты.
Пікір жоқ
17 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 23.08.2024 в 10:59