Мақсаты: Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Аталған іс-шара қаламыздың әр мектебінен жазғы демалыстағы оқушылар қатысты. Кітапханашы оқушыларға ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабаларымыздан жеткен Дала заңынан тарихи мен Конституция құрылымы мен бөлімдері, шығу тарихы жайлы мағлұмат берді. Одан кейін оқушылардың назарына бейнероликтер көрсетілді, атап айтсақ: «Ата Заң- алтын тұғырымыз», «Ата Заң - айбыным», «Ата Заң – Азат елдің, Ар - намысы». Соңында кітапханашыАта Заң іс-шарасына орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасады.