Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

4.09.2024ж.Тілдер күніне орай кітапханада«Ана тілім - айбыным!» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

 Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Тіл байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал –мәтелдер  арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.


Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұран айтылып, «Ана тілім айбыным!» бейнебаянымен бастау алды. Аталған іс – шараға  Б.Момышұлы атындағы 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Айжан Жұмағалиевна қатысты. Балалар үш тілде тақпақтарын айтып,мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, берілген жұмбақтардын сұрақтарына дұрыс жауап табуға талпынды. Шара  барысында кітапханшы «Тіл татулық - тірегі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Бұл іс-шарада балалар нақыл сөздермен мақал –мәтелдер  арқылы қазақ тілінің әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететінін танып білді.


Пікір жоқ
17 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 04.09.2024 в 11:00

Choose Color