Меню KDT

logo.png?_=1732517393
Сәтбаев қаласының жасөспірімдер және балалар кітапханасы" КММ


+7 (71063) 7-49-62, 7-46-44

13.09.2024ж.Сәтбаев қадасының 51 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Менің қалам-Сәтбаев» атты кітап көрмесі және №3 мектепте «Мен тұратын қаламды жақсы білемін» атты шара өтті

Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында туған қалаға деген сүйіспеншілігін ояту, туған қаламыздың тарихымен таныстыру


Шара барысында кітапханашы А.Мұсылманбекқызы оқушыларға қала тарихы туралы кітапхана қорындағы әдебиеттерді таныстырды. Сәтбаев қаласының көшелері туралы кітаптар балалардың қызығушылығын тудырды. Олар өз көшелерінің атауы туралы ақпараттармен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Сәтбаев қаласы туралы жыр шумақтарын оқып, туған қалаға деген өз тілектерін жеткізді. Туған жер туралы білетін мақал-мәтелдер айтудан өзара жарыс өткізді. Шара соңында №3 мектептің 5 «ә» сынып оқушылары жүрекжарды лебіздерін қағаз бетіне түсірді.      


Пікір жоқ
21 қаралды
Авторы: satpaevlibrary
Қосылды: 13.09.2024 в 11:00

Choose Color