Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Осы іс-шараға Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп гимназиясының 7 «А» сынып оқушылары келіп қатысты.Олар жергілікті ақын, кенші,қаламыздың құрметті азаматы Жақсылық Омаровтың өмірбаянымен шығармаларымен танысты. Оқушылар «Гүлдене бер, Түркістан», «Сәтбаев қаласы керемет», «Ұлытауды таныстыру» атты өлеңдерін жатқа оқыды.Кездесу барысында балалар жергілікті ақын жырауларымыз туралы, жазылған мәліметтер алып, викториналық сұрақтарға жауап берді.Кітапхана библиографы Ә.Шегебаева ақынның «Жүрекжарды», «Аманатқа адалдық», «Талтүс» атты жыр кітаптарымен таныстырып, кеншілік пен ақындықты қатар алып жүрудің оңайға соқпайтындығына тоқталды. Ақынның Отан, өмір, адамгершілік, асыл қасиеттер және т.б. тақырыптарға арналған өлең-жырлары ойлылығымен және көркем де кестелі өрнегімен тартымды суреттелгенін де айтып өтті.