Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Шара барысында Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б. Аимбетоважастарға, қарт кісілерді сыйлап, әрдайым үлкендерге құрмет көрсетіп, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан – ғасырға жалғаса беретінің және аға буынның өмір жолынан кейінгі буынның алар тағылымы зор екенін айтып өтті.
Байқауға қаламыздың әр мектебінен 5-11 сынып оқушыларынан 10 үміткер қатысты.Содан соң оқушыларға теледидардан бейнероликтер көрсетілді:«1-қазан Халықаралық карттар мерекесі», «1-қазан Қарттар күні». Кітапханашы ата, әже туралы жұмбақ жасырды, оқушылар жауабын тапты. Кейінгі кезекте әділқазылар алқасы үміткерлердің жұмысын жан-жақты талқылап, бағалап, жеңіпаздарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша бас бәйгені №16 мектептің 6 «А» сынып оқушысы А.Қазыбек жеңіп алса, 1,2,3 орынды №3 жалпы білім беретін мектепің 5 «Ә» сынып оқушылары С.Айдынқызы, А. Анарбай, Ж. Нұрбалаға бұйырды. Соңында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырды.